Иорданияда қос боксшымыз жеңіске жетті
Қос боксшымыз жеңіске жетті, деп хабарлайды 24.kz.
Иордания астанасы Амман қаласында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық спортшылар жарысты екінші айналымнан бастады. Ұлттық құрама сапынан әсіресе, жеңіл салмақтардағы Серік Теміржанов пен Сәкен Бибосынов ә дегеннен қарсыластарын айқын басымдыпен ұтты. 57 келіде сынға түскен Серік түркіменстандық Ихлас Гылычжанды жеңіп, келесі кезеңде иорданиялық Юсеф Иашашпен жолығатын болды. Ал Сәкен үндістандық боксшыдан басым түсті. Айта кету керек, төрешілер алғашқы раунда қарсыласын жеңімпаз деп таныған. Бірақ, кейін жерлесіміз қарқынын күшейтіп, есе қайтарып үлгерді. Қорытынды есеп: 4:1.
Бұған қоса, кезекті жарыс күні тағы бір қазақстадық шаршы алаңға шықты. Жеңіл салмақтағы Санатәлі Төлтаев өзбекстандық боксшыға есе жібеді. Қалған спортшыларымыз енді бәсекені бастайды. Қайрат Сәтжанов пен Шәміл Сафиуллин баптайтын ұлттық құрама Амман қаласына бірер күн бұрын жетіп, кешенді жаттығу жүргізді. Айта кету керек, қыздар арасында 3 боксшымыз қазірден жүлдеге ілігіп тұр. Яғни ауыр салмақтарда қатысушылар санының аздығынан Мәдина Нұршаева, Гүлсая Ержан және Ләззат Күнгейбаевалар бірден жүлдеге таласты бастайды. Амман қаласындағы жарыстың жалпы қорытындысы 13 қарашада белгілі болады.