Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды жеңді

Көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды жеңді

Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы күнгі нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көкпардан ел құрамасы Өзбекстанды 8:1 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті. Қазақстандықтар қатарынан Құрманбек Тұрғанбек үш салым салса, Абылайхан Нышанбеков, Арман Жамалбеков, Ынтымақ Әліпбаев, Ислам Рәт, Айнабек Бердіқұл бір-бір салымға ие болды.

Дәстүрлі садақ атудан Қасымхан Қанат, Али Сессигузель, Азамат Нұртаев жартылай финалға жолдама алды.

Сондай-ақ, әйелдер арасында Айым Тілепберген мен Аяулым Аппазова үздік 16 мергеннің қатарына енді.
Көшпенділер ойындарына әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысуда. Қазақстанның атынан 50 спортшы сайыстың бес түрінен бақ сынасады. Олар – көкпар, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, көкбөрі.

Еске салсақ, IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
30 қыркүйек 2022 ж. 710 0