Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Стритболдан республикалық турнир өтті

Стритболдан республикалық турнир өтті

«Темір жол» саябағында Қызылорда қаласы әкімінің жүлдесіне арналған стритболдан республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Қызылорда төрінде екінші мәрте байрағын көтеріп, дәстүрлі сипат алған дүбірлі доданың ашылуына қала әкімі Асылбек Шаменов арнайы қатысып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

«Сыр елінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен және арнайы Өзбекстан мемлекетінен келген стритболшыларға ілтипатымды білдіремін. Жеңісті жолдарыңыз жалғасты болсын! Бүгінгі стритболдан республикалық турнирді ашық деп жариялаймын!», – деді қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы.

Айта кету керек, бұқаралық спортты дамыту бағытында Қызылорда қаласы жыл сайын облыс көлемінде жоғары жетістіктерімен көш бастап келеді.

Жаңа толқын жастар үшін қазір барлық жағдай қарастырылып, түрлі ойын және спорт алаңдары ашылуда. Соның бір ғана дәлелі биылғы «Балалар жылына» орай облыс әкімінің бастамасымен, қала көлемінде 50 ойын-спорт алаңдары демеушілер көмегімен салынып, тұрғындарымыздың игілігіне пайдалануға берілуде.
28 тамыз 2022 ж. 390 0