Қаламгерлер арасында республикалық турнир басталды

Турнирдің ашылу салтанатына қала әкімі Асылбек Шаменов арнайы қатысып, командаларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, “Түркістан” телеарнасының директоры Жанахмет Ағыбаев турнирді ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.
Додада Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Түркістан облыстарынан барлығы 9 команда бақтарын сынауда.
«Қарекет» командасы – Талдықорған қаласы
«Хабар» командасы – Нұр-Сұлтан қаласы
«Экспресс-К» командасы – Нұр-Сұлтан қаласы
«Алматы» командасы – Алматы қаласы
«Тараз-Пресс» командасы – Жамбыл облысы
«Шымкент» командасы – Шымкент қаласы
«Түркістан ТВ» командасы – Түркістан облысы
«Ақмешіт» командасы – Қызылорда қаласы
«Қаламгер» командасы - Қызылорда қаласы
Командаларға сəттілік тілейміз!