Фируза Шарипова ММА-дегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті
Қазақстандық жекпе-жек шебері Фируза Шарипова аралас жекпе-жектегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол Алматыда ММА-ден Octagon 33 турниріне қатысып, ресейлік Карина Ондасыновамен (2-0) рингіге шықты.
Жекпе-жек 63,5 кг салмақта өтті. Үш раундқа жоспарланған кездесу бірінші раунда Фаризаның қылқындыру әдісін қолдануымен аяқталды.
Осылайша жерлесіміз ММА-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізсе, ресейлік спортшы қыз алғаш рет жеңіліс тауып отыр.
Фируза Шарипова бокста да өнер көрсетіп жүр. Жеке рекорды — 14-2, 8 КО.
Ол бокста жеңіл салмақта IBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтарын жеңіп алған.