Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Абу-Дабидегі Яс аралында UFC 254 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды  Prosports.kz.

Аталған кеш аясында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов көпткен күткен UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізді. Отандасымыздың қарсыласы бразилиялық Алекс Оливейра болды. 

32 жастағы Оливейра өте тәжірибелі және қауіпті спортшы болатын. UFC-де 5 жыл бойы өнер көрсетіп жүрген ол бүгін 19-жекпе-жегіне шықты.

«Сарбаздар аралында» өткен жекпе-жек қазақстандық файтердің жеңісмен аяқталды. Үш раундқа жоспарланған кездесу алғашқы раундта аяқталды. Шавкат қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.

Осылайша, Шавкат Рахмонов өзінің мансабындағы 13-жекпе-жегінде жеңіске жетіп, американдық промоушен туы астындағы дебютін сәтті өткізді.
25 қазан 2020 ж. 627 0