Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойындар кестесі жарияланды

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойындар кестесі жарияланды

Қазақстан футбол федерациясы құрамамыздың Ұлттар лигасындағы ойындар кестесін жариялады, деп хабарлайды 24.kz.

Магомед Адиев шәкірттері турнирдің алғашқы матчында Әзербайжанды қабылдайды. Кездесу 3 маусым күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталу уақыты – 20:00.

Екінші турде құрамамыз сырт алаңда Словакиямен жолығады. Ойын Трнава қаласындағы «Антон Малатински» стадионында өтеді. Матч елорда уақытымен 6-сынан 7 маусымға ауған түні сағат 00:45-те басталады.
 
10 маусымда ұлттық құрама Беларуське қарсы матч өткізеді. УЕФА шешімімен бұл кездесу бейтарап алаңда ؘ– Сербияның Нови-Сад қаласындағы «Караджордже» стадионында көрерменсіз өтеді. Басталу уақыты  – 10-ынан 11 маусымға ауған түні 00:45-те.

13 маусымда командамыз Ұлттар лигасындағы топтың кезеңнің жазғы бөлігін Словакиямен өтетін ойынмен аяқтайды. Кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталады.

22 қыркүйекте Қазақстан Беларусьті қабылдаса, топтық кезеңді Әзербайжанға қарсы матчпен аяқтайды. Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының ойындар кестесі:

3 маусым. Қазақстан – Әзербайжан

6 маусым. Словакия – Қазақстан

10 маусым. Беларусь – Қазақстан

13 маусым. Қазақстан – Словакия

22 қыркүйек. Қазақстан – Беларусь

25 қыркүйек. Әзербайжан – Қазақстан.



17 мамыр 2022 ж. 535 0