Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлттар лигасы: Қазақстан – Латвия текетіресі күтіп тұр

Ұлттар лигасы: Қазақстан – Латвия текетіресі күтіп тұр


Бүгін, 13 қазанда футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Д дивизионы бірінші тобындағы үшінші тур ойындарын өткізеді.
Бұл жолы сырт алаңда Латвиямен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екі құрама бұған дейін 5 мәрте жасыл алаңда жолыққан. Жеңіске жету жөнінен әзірге латыштар алда келеді. Олар біздің құрамадан 2 мәрте басым түскен. 2002 жылдың 17 сәуірінде Латвияның Вентспилс қаласында өткен жолдастық кездесуде алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында біздің құрама сапынан Максим Шевченко 45-минутта есеп ашқан еді. Екінші кезеңде латыштар 75-минутта пенальтиде және 89-минутта гол соғып кетті. Одан кейін қос құрама 2004 жылдың 18 ақпанында Кипрдің Ларнака қаласында шеберлік байқасты. Бұл жолы да Латвия басым түсіп, біздің жігіттер 1:3 есебімен қарсыласына есе жіберді. Бізден 23-минутта Юрий Аксенов гол соққанымен, бүгінгі қарсыластарымыз оған үш доппен жауап берді.
Соңғы үш ойында Латвия бізден айласын асыра алмай жүр. 2012 жылдың 29 ақпанында Түркияның Анталья қаласында қос құрама 0:0 есебімен тең түссе, дәл осы есеп 2016 жылдың Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңінде А тобындағы 2014 жылдың 9 қыркүйегінде Астанада өткен кездесуде де тіркелді. Есесіне біздің жігіттер 2015 жылдың 13 қазанында сырт алаңда оларды 1:0 есебімен тізе бүктірген еді. Ұлттар лигасы ойындарын Латвия сәтті бастай қойған жоқ. Алғашқы турда өз алаңында Андоррамен 0:0 есебімен тең түскен олар одан кейін сырт алаңда Грузиядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстан құрамасы да дәл осындай жағдайды бастан өткізіп отырған жайы бар. Біздің құрама Астанада Грузияға 0:2 есебімен есе жіберсе, одан кейін сырт алаңда Андоррамен 1:1 есебімен тең түсті. Қазақстан құрамасы алдында топта бірінші орын алу міндеті тұр. Бұл міндетті олар орындап шыға ала ма? Алда әлі төрт ойын бар. Қалған кездесулерде жеңілмесе, келер жылы бір лигаға жоғарылау мүмкіндігіне ие болуы әбден мүмкін. Ондай мүмкіндікті Латвия да құр жібергісі келмейтіні анық. Сондықтан бүгінгі кездесу тартысқа толы болады.
Бүгін осы топтағы Грузия мен Андорра құрамалары да өзара шеберлік байқасады.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Латвия және Андорра құрамаларына қарсы ойынға мына футболшыларды шақырды. Қақпада Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Тобыл») сынды жігіттерге сенім білдірсе, қорғаныста Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко (барлығы – «Астанадан»), Ғафуржан Сүйімбаев, Ян Вороговский, Нұралы Әліп (үшеуі де – «Қайраттан»), жартылай қорғаныста Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Магамед Парагульгов, Георгий Жуков (барлығы – «Қайраттан»), Бактиер Зайнутдинов, Серікжан Мужиков (екеуі – «Астанадан»), Думан Нәрзілдаев («Қайсар»), Александр Соколенко («Қайрат»), Максим Федин («Тобыл»), шабуылда Алексей Щеткин, Роман Муртазаев (екеуі – «Астанадан»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей) сынды жігіттер ойын көрсетеді.
Бұл кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады.


13 қазан 2018 ж. 1 556 2

Гость JeaOrer от 17 ақпан 2019 03:36
Buy Xenical In Singapore buy viagra online Cialis Tabs India Find isotretinoin online discount with overnight delivery cheap

Гость JeaOrer от 7 наурыз 2019 07:55
Alcohol Consumption While Taking Amoxicillin viagra Cialis Brulure D'Estomac Forum Cialis Soft Tabs