Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикаға жолдама алды

Республикаға жолдама алды

Апта ағымында тоғызқұма­лақ­тан ардагерлер арасын­да екі дүркін ҚР чемпионы, спорт шебері, «Сырдария ау­да­нының Құр­метті азаматы» Тұрғанбай Болған­бай­ұлын ес­­ке алуға арналған облыс­тық біріншілік өткізілді.

Об­лыстық спорт басқармасы №11 Сырда­рия ауданының олим­­п­иа­далық резервтің ма­ман­­­дан­­­дырылған балалар мен жа­сөс­­пірімдер мектебінің ұйым­дас­­тыруымен жүзеге ас­қан облыстық бәсекеде 152 спортшы бақ сынады. Жарыстың ашылу салтанатына №11 Сыр­дария ауданының олимпиадалық ре­зерв­тің мамандандырылған балалар мен жас­өс­­пірімдер мектебінің директорының орынбасары Гүлстан Алмашева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, халықаралық «Қа­зақ тілі қоғамы» ҚБ Сырдария аудандық фи­лиа­лының төрағасы Шаһарбек Нұрсейітов, сала ардаргерлері Бақытжан Абдулпаттаев, Мектепхан Елеусінов, еңбек ардагерлері Байыр­бек Әмірбеков, Болат Жұмабаев, Жанат Жан­сейітова қатысты.

Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ Сырдария аудандық филиалы мен Тұрған­бай Болғанбайұлының туыстарының демеуші­лі­гі­мен өткізілген об­лыс­тық біріншілікті Гүлстан Алмашева ашып берді.

– Тоғызқұмалақ спортымен айналысқан адам­ның ой-өрісі кеңейіп, жан-жақты толыса тү­седі. Бүгінде республика көлемінде аталған спорт түрімен айналысушылар қа­та­ры көбейді. Сыр саңлақтары байрақты бәсекелерде облыс намысын абыроймен қор­ғап жүр. Жарыс барысында 152 спортшы өзара мықтыны анықтамақ. Оның ішінде 20 спорт шеберлігіне үміткер және І, ІІ санаттағы жасөспірімдер бар. Тұрғанбай Болғанбайұлы саналы ғұмырында шахмат, тоғызқұмалақ спорттарын дамытуға зор үлес қосты. Шәкірт тәрбиелеп, ұлағатымен танылды, – деді Г.Алмашева.

Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңе­сінің төрағасы Мұса Келдібаев, Тұрғанбай Болған­байұлының туыстары атынан Болат Жұмабаев сөз алып, ғибратты ғұмыр иесі жайлы естелік­терімен бөлісті. Дара тұлғаның спорт саласындағы қажырлы еңбегін тілге тиек етті. Ал жарыстың бас төрешесі Марат Рахметов облыстық біріншіліктің ережесін түсіндірді.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасында өткен облыстық біріншілікте спортшылар то­ғыз­­құмалақтың классика және блиц түрінен үздік­терді анықтады. Жарыс жеңімпаздарына арнайы диплом мен естелік сыйлықтар табыс­талды.

Алдағы уақытта жарыс жеңім­паздары мен жүлдегерлері ҚР чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.



Балтабай ОРДАБЕКОВ
30 сәуір 2022 ж. 500 0