Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қоржын қолаға толған Токио Олимпиадасы қорытындыланды

Қоржын қолаға толған Токио Олимпиадасы қорытындыланды

Бүгін Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындарының соңғы күні. 23 шілде де басталған әлемдік дода өз мәресіне жетті. Әлем тарихында қалатын спорт бәсекесі Қазақстан спортында да өз қолтаңбасын қалдырады. Осы орайда ҚазАқпарат Жапония астанасында өткен ХХХІІ жазғы Олимпиадасына шолу жасады.

Токио-2020 жазғы Олимпиадасына әлемнің 206 мемлекетінен 11 мыңнан астам спортшы қатысты. Жарысқа қатысушылардың тең жартысына жуығы әйелдер болды. Дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жаңашылдыққа келсек, Олимпиада бағдарламасына бейсбол/софтбол, карате, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг секілді спорттың бес түрі енгізілді. Қазақстан атынан 97 спортшы бәсекенің 28 түрінен бақ сынады. Нәтижесінде ел құрамасы 8 қола медальмен 82 орынға тұрақтады.
08 тамыз 2021 ж. 587 0