Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа спорт түрінен сынға түседі

Жаңа спорт түрінен сынға түседі

Қазақстан құрамасы ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына жаңа қо­сыл­ған 5 спорт түрінің екеуінен жолдама ұтып алған.

Байрақты бәсекенің көркін қыздыратын спорт­­шылардың бірі – Ришат Хайбуллин. Ол құз­ға өр­мелеуден Токио төрінде бақ сынайтын болады. Құзға өрмелеуші 2019 жылы күншығыс елінде өткен Әлем кубогінде жолдама жеңіп алған.


Биыл төрт жылдықтың жаңалықтарының бірі – каратэ спортының қосылуы еді. Бұл спорт түрі­нен Қазақстан құрамасы атынан 5 атлет сынға түседі. Олардың қатарында 55 келіге дейін салмақ дәрежесінде қызылордалық Мөлдір Жаңбырбай бар. Мөлдір Жаңбырбай – каратэ-додан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 3 дүркін әлем, 3 дүркін Азия чемпионы.


Балтабай ОРДАБЕКОВ 
20 шілде 2021 ж. 400 0