Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мейрамбек Айнағұлов алғашқы қарсыласынан айласын асыра алмады

Мейрамбек Айнағұлов алғашқы қарсыласынан айласын асыра алмады

Токиода Олимпиада ойындары аясында күрес түрлерінен 1/8 финалы өтіп жатыр. 60 келіде белдескен Мейрамбек Айнағұлов алғашқы қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Балуан Мейрамбек қырғызстандық Жоламан Шаршенбековтен жеңілді. Белдесуді 8:0 есебімен айқын басымдықпен аяқтаған қырғызстандық балуан келесі айналымға өтті. 

Айта кетерлігі, Қырғызстан балуаны Шаршенбеков финалға шыққан жағдайда Мейрамбек Айнағұлов жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады. 
01 тамыз 2021 ж. 339 0