Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қайсар» құрама командасы жаңа ойыншымен келісімшартқа отырды

«Қайсар» құрама командасы жаңа ойыншымен келісімшартқа отырды

«Қайсар» екінші футболшымен келісім-шартқа отырды.Армения құрамасының футболшысы Гегам Кадемян биыл қызылордалық команда намысын қорғайды,– деп хабарлады Syrboyi.kz.

Гегам клубтық мансабында бірнеше командада өнер көрсеткен. Атап айтсақ, украиналық «Арсенал», «Титан», «Говерла», «Олимпик», «Карпаты», «Заря», «Ворскла» және арменялық «Пюник» пен «Алашкерт». Кадемиянның соңғы клубы беларустік «Неман». 28 жастағы футболшы Беларусь біріншілігінде 29 ойынға қатысып, 12 гол соққан.

Сондай-ақ, «Қайсар» жанкүйерлерінің сүйікті ойыншысы Думан Нәрзілдаев жыл соңына дейін қасқырлардың намысын қорғайды. Думан 2012 жылы қасқырлар сапында дебюттық ойын өткізіп, бүгінгі күнге дейін қызылордалық клубтың намысын қорғап келеді.

«Қайсар» бүгін Тәжікстанның «Истиклол» командасымен кездесу өткізуі тиіс болатын. Аталған клуб Түркияға келмей қалған. Сондықтан қызылордалық клубтың қарсыласы өзгеріп, Африка құрылығындағы Мавритания елінің чемпионы «Нуадибу» командасымен кездеседі.
25 ақпан 2021 ж. 469 0