Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қасқырлар" қатарында конголық

"Қасқырлар" қатарында конголық

Қызылорданың «Қайсар» командасы құрамына шетелдік жартылай қорғаушы қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қайсар» командасының басшылығы Конго Демократиялық Республикасы елінен келген Андре Букиамен келісімшартқа отырды. Андре Букиа 1995 жылдың 3 наурызында аталмыш мемлекет астанасы - Киншаса қаласында дүниеге келген. Ол жастайынан Португалияның «Брага» командасында тәлім алды. Үлкен футболдағы жолын 2014 жылы сол елдің «Вила Реал» командасында бастады. 2015-2018 жылдар аралығында Португалияның «Боавишта» клубы құрамында болды. Сондай-ақ, ол бір жыл «Арука» командасына жалға берілді. Былтырдан бері сол команда құрамында 31 ойыннан кейін 5 гол соқты. Андре Букиа «Қайсар» сапында 77 нөмірлі жейдемен ойын көрсетеді. Айта кетелік, «Қайсар» бүгін сырт алаңда Алматының «Қайрат» командасыменкездеседі. Андре Букиа аталмыш кездесуде тұсаукесер ойынын өткізуі мүмкін. Естеріңізге сала кетелік, «Қайсар» басшылығы Карлос Мигел Таварес де Оливейрамен (Карлитос) келісімшартты үзді. Ол команда құрамына биыл қосылып, өзі қатысқан бес кездесуде бірде-бір гол соға алған жоқ. Еліміздегі трансферлік кезең 26 маусымда басталды. Ол 24 шілдеде мәресіне жетеді. Кеше еліміздің Премьер-лига командалары арасындағы біріншілігінің 18-турындағы екі ойын өткізілді. Талдықорғанның «Жетісуы» өз аалңында Павлодардың «Ертісімен» 4:0 есебімен тең түссе, «Ақтөбе» Қарағандының «Шахтерімен» 2:2 есебімен тең ойнады.
14 шілде 2019 ж. 590 0