Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) Мексиканың Куэрнавака қаласында титулдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz 

Онда ол Голландия боксшысы Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) кездесті. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа белгіленді. Жеңімпазға бірден үш аймақтық чемпион белдігі - WBA Continental, NABF және WBC Francophone берілуі тиіс болды.

Жекпе-жек төрешілердің бірауыз шешімі бойынша қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.

Садриддин Ахмедов бірден үш белдікті иеленіп, он екінші жеңісіне қол жеткізді. Стивен Даньо осымен төртінші рет жеңілді.


31 қаңтар 2021 ж. 347 0