Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қанат Ислам жекпе-жегін кейінге шегерді

Қанат Ислам жекпе-жегін кейінге шегерді

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) денсаулығына байланысты ақпан айындағы кездесуін кейінге шегерді,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Қазіргі уақытта қазақстандық боксшы бапкері Роджер Ромамен жаттығу жұмыстарын тоқтатып қойған. Боксшының жаттығуға қашан кірісетіні белгісіз. 

BoxRec ақпараты бойынша, Ислам келесі кездесуін 20-ақпан күні өткізу керек керек. Осылайша отандасымыз екінші рет жекпе-жегін кейінге шегеріп отыр. Әу баста Ислам қазан айында АҚШ жерінде 23 жастағы америкалық Гонсало Кориамен (16-3, 6 КО) кездесуі керек болатын. Алайда бұл қарсылас кейін Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуды жөн көрді. Содан соң оның 32 жастағы мексикалық қарсыласы Хесус Гуррола (27-3-15, 14 КО) АҚШ жеріне кіруге виза ала алмай қалды. 

Еске салайық, қазақстандық боксшының шаршы алаңға шықпағанына бір жылдан көп болды. Ол соңғы кездесуін 2019 жылдың 26-қарашасында Алматы қаласында өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша Уолтер Каутондокваны жеңді. Бұл кездесуде Ислам WBO International белбеуін иеленген болатын. 
25 қаңтар 2021 ж. 400 0