Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Чемпиондар лигасы: Көш басында кім тұр?

Чемпиондар лигасы: Көш басында кім тұр?

Еуропа футбол одағының (УЕФА) ресми сайты 65 жылдық тарихы бар Чемпиондар лигасы турнирінде ең жақсы нәтиже көрсеткен командалардың рейтингін жарияланды, - деп жазады Egemen.kz
Үздіктер көшін Мадридтің "Реалы" бастап тұр. Дүбірлі додаға 50 мәрте қатысқан корольдік клуб 13 рет бас жүлдені олжалады. Осы жарыс аясында барлығы 438 ойын өткізіп, 262 мәрте жеңіске жетті. 76 ойын тең аяқталса, 100 кездесуде ұтылды. Екінші және үшінші орындарға Мюнхеннің "Бавариясы" мен Испанияның "Барселонасы" жайғасты. Екеуі де айтулы жарыстың бас жүлдесін бес реттен олжалады. Сондай-ақ, "ТОП-10" команданың қатарында "Манчестер Юнайтед", "Ювентус", "Милан", "Ливерпуль", "Бенфика", "Порту" және "Аякс" сынды әлемге әйгілі клубтар бар. 
Қазақстандық командалар арасында ең үздік нәтиже "Астанаға" тиесілі. Олар 106 орынға жайғасты. Нұр-Сұлтанда жасақталған ұжым Чемпиондар лигасына бес рет қатысты. 30 кездесу өткізген олар 11 ойынды ұтып, 9 рет ұтылды. Тағы 10 бәсеке тең аяқталды.   

17 маусым 2020 ж. 631 0