Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады

Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады

Орта салмақта IBO және IBF нұсқасы бойынша чемпиондық атаққа ие Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 18 желтоқсан күні жекпе-жекке шығады. Отандасымыздың қарсыласы – поляк Камил Шеремета (21-0, 5 KO).

Жекпе-жек жайлы DAZN стримингтік сервисі хабарлады. 

Ал оған дейін қазақстандық боксшының өзі instagram желісінде келесі кездесуі жайлы жазған.

"Мақсатқа жету жолында рекорд бойынша 21-ші рет чемпиондық атақты қорғауға шығамын. Жуырда көріскенше", - деп жазған-ды.

Геннадий Головкин Камил Шереметаға қарсы кездесуде IBF чемпиондық белбеуін қорғайды.

Айта кетейік, отандасымыз ақырғы рет өткен жылдың қазан айында шаршы алаңға шыққан. Нью-Йоркте украиналық боксшы Сергей Деревянченконы жеңген еді.
26 қараша 2020 ж. 354 0