Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші қарсыласы анықталды

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші қарсыласы анықталды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды. Бұл туралы Arlan MMA Pro командасы хабарлады.

29 қарашада Лас-Вегаста өтетін UFC турнирінде Жалғас Жұмағұлов швед файтері Амир Албазиге (13-1) қарсы жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы UFC-де бір ғана жекпе-жек өткізіп, сабмишн әдісімен жеңіске жеткен. 

Бұған дейін Arlan MMA Pro командасының жаңа басшысы Дархан Бәкенов Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі кейінге шегерілуі мүмкін екенін айтқан. Оның жұмыс визасын ала алмауына байланысты кездесу кейінге қалуы ғажап емес.

Естеріңізде болса, Жалғас Жұмағұлов бірінші жекпе-жегінде бразилиялық Раулин Пайваға (19-3-0) қарсы шықты. Үш раундқа жалғасқан жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан бразилиялық спортшыға берді. 

Express.co.uk басылымының мәліметінше, Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебюті үшін қосымша бонустан бөлек 12 мың доллар сыйақы алған. Ал оның қарсыласы Раулин Пайваның сыйақысы – 14 000 доллар. Алайда бразилиялық спортшы жекпе-жекке артық салмақпен шыққаны үшін сыйақысын 20% Жалғас Жұмағұловқа беруге мәжбүр болған.
20 қараша 2020 ж. 480 0