Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды

Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды

Аралас жекпе-жек спортында ел намысын қорғайтын Жалғас Жұмағұлов әлемдегі әң таным ұйым UFC-де бірінші кездесуін өткізіп, жеңіліп қалды, – деп хабарлайды egemen.kz

Отандасымыз бүгін Абу-Даби қаласында "Жауынгерлер аралында" өткен UFC251 турнирінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы 24 жастағы бразилиялық Раулиан Пайва болды.

Үш раундқа созылған кездесуде отандасымыз жеңіліп қалды. Бұл Жұмағұлов үшін ұйымдағы бірінші кездесу. Өкінішке қарай, бұл кездесуде отандасымыз төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңілді. 

Айта кетейік, UFC 251 турнирінің басты жекпе-жегінде ұйымның жартылай орта салмақтағы чемпионы Камару Усман (16-1-0) мен америкалық Хорхе Масвидаль (35-13-0), жеңіл салмақтың чемпионы австралиялық Александр Волкановски (21-1-0) мен америкалық Макс Холлоуэй (21-5-0) арасындағы тартысты кездесулер өтеді. Сондай-ақ ресейлік Петр Ян мен бразилиялық Жозе Альдо жеңіл салмақтың чемпиондық атағын сарапқа салады. 
12 шілде 2020 ж. 583 0