Жарыста Жасұлан озды
Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Алғыр ой" коммерциялық емес жеке қордың (төрағасы Ғ.Болғанбаев) ұйымдастыруымен 14-29 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жастар арасында гір көтеру турнирі тартысты өтті. Бұл спортқа бейім жастар ауданда баршылық екен. Турнирге белгілі спортшы әлем және халықаралық жарыстар жеңімпазы Оразбек Медетбаев қазылық етті.
Гір тасын көтеруде қалжанахундық Жасұлан Жүсіпбаев алдына жан салмады. Сөйтіп жүлделі бірінші иемденді. Екінші орынға тереңөзектік Бауыржан Тасболатов көтерілсе, үшінші орынды Айдос Сейітжанов иеленді.
Жеңімпаздар мен жарысқа қатысушыларға көтермелеу және ынталандыру сыйлықтары берілді.
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ