Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Тартысты өткен бәсеке

Тартысты өткен бәсеке

Мүмкіндігі шектеулі жастарды спортқа тарту – бұл олардың өмірге қызығушылығын арттырып, қоғамға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Алғыр ой" коммерциялық емес жеке қордың (төрағасы Ғ.Болғанбаев) ұйымдастыруымен 14-29 жас аралығындағы жастар арасында қол күрестен аудандық турнир өткізілді. Осы спорт түрінен өткен біріншілікке кент пен ауылдардан мүмкіндігі шектеулі жастар өздеріне бекітілген әлеуметтік қызметкерлермен бірге келді.

Тартысты турнирде асқарлық Төребек Бақтияров үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарды тереңөзектік Сәулебек Кәрібаев пен Асқар Тілектесов иемденді.

Жеңімпаздар мен жарысқа қатысушыларға көтермелеу және ынталандыру сыйлықтары берілді.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
22 қазан 2020 ж. 473 0