Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нәлқожа Ергешбаев атындағы ашық Азия кубогы басталды

Нәлқожа Ергешбаев атындағы ашық Азия кубогы басталды

Бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы мəдениет үйінде мемлекет жəне қоғам қайраткері Нəлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан ашық Азия кубогының салтанатты ашылуы өтті.

Жарыстың салтанатты ашылуына қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Шотаев жəне облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әбдіқадыр Ергешбаев қатысып, командаларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Моңғолия мемлекетінің тоғызқұмалақ қауымдастығының басшысы Долдай Ербол "Құрмет орденін" облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әбдіқадыр Ергешбаевқа табыстады.

Дүбірлі бәсекеде Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Моңғолия және Қазақстанның әр өңірінен 262 тоғызқұмалақшы шеберлік байқасуда.

Жарыс классика мен блиц бойынша 9 турда, 17 жасқа дейінгі жастар және одан жоғары жастағы ерлер мен əйелдер арасында 4 топта өткізіледі.

Жарысқа 2 ҚР еңбек сіңірген спортшысы, 14 халықаралық дəрежедегі спорт шебері, 25 спорт шебері, 135 спорт шеберіне үміткерлер қатысуда.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлердің есімдері 6 наурыз күні белгілі болады.

Жарыс "Нұрсəт" теннис орталығында өтіп жатыр
Қызылорда облыстық спорт басқармасының Фейсбук парақшасынан алынды
02 наурыз 2020 ж. 908 0