Аяқдопшылардың аудан біріншілігі

Жалпы аудан біріншілігінде 15 команда өз бақтарын сынауда. Ойын айналмалы жүйеде өткізіліп, әр команда бір-бірімен бір реттен кездесуде. Аудан жастары арасындағы жарыс биылғы жылдың 1 ақпанынан бастау алды. Бірінші турда «№131 орта мектеп» «Яксарт» командасымен (7:0), «Өрт сөндіру» «MFC89» командасымен (4:1), «Region 11» «Юнайтед» командасымен (2:0), «FC 96» «Жастар» командасымен (1:2), «Қалжан ахун» «Қыран» командасымен (2:6), «FC Saken» «САТК» командасымен (3:1) «Динамо» «Атлетико КЗ» командасымен (1:1) кездесіп, өзара мықтыны анықтады. Сондай-ақ осы командалар өткен апта бойында екінші, үшінші және төртінші турда кездесу өткізіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Тиісінше, осы аптада келесі тур ойындары өтеді.
Бекітілген кестеге сәйкес командалар аптасына 3 рет өзара кездесу өткізеді. Олар 15 турда «Кім мықтыны?» анықтайды. Одан кейін үздіктер аудан әкімінің кубогін сарапқа салады.
Ердос БЕРКІНБАЕВ