Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемнің үздік футболшысымен кездесті

Әлемнің үздік футболшысымен кездесті

Аяқсыз туған қазақстандық Әли Тұрғанбеков әлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналдумен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әли мен Роналду доп ойнап, бірге фотоға түсті. Видео мен фотоны UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Міне, сондықтан да, сен сен әлемдегі үздіксің... Көп рахмет, Криштиану. Сен менің бауырымды бақытты еттің», - деп жазды Хабиб.
Баланың Instagram парақшасынан толық видеоны көруге болады. Онда Роналду Алиге арнап допқа жазу жазып бергені, сондай-ақ Әлидің португалдыққа қазақстандық шоколадты сыйға беріп тұрған фотосы бар.
Айта кетейік, жақында ғана Хабиб Нурмагомедов пен Әлидің кездесуі Алматыда өтті. Сол кезде балақай оған PSG ойыншыларының қолтаңбалары бар доп берген болатын.
Бұған дейін қазақстандық футболдың аңыздары - бразилиялық Кафу, Хулио Сезар, Бебетомен, сондай-ақ испандық Хавимен кездесті.
Еске сала кетейік, Әли көптеген танымал футболшылармен кездескен болатын. Олардың қатарында Месси, Андрей Шевченко, Неймар, Киллиан Мбаппе, Эдинсон Кавани, Диего Марадона, Ливерпуль ойыншылары Мохаммед Салах, Роберто Фирмино, клубтың бас жаттықтырушысы Юрген Клопп бар. Сондай-ақ, өзінің кумирі Ник Вуйчичпен де кездесіп үлгерді. Ол сонымен қатар Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын тапсырды.
Айта кетейік, 2017 жылдың қыркүйегінде Әлидің анасы отбасымен бірге қандай қиын жолды бастан өткергені туралы айтқан болатын. Баласы дүниеге келгеннен кейін, Ақмаралды, тіпті, туыстары оны тастап кетуге көндірді. Ұлы өсіп, көптеген мектептер оны қабылдағысы келмеген. Нәтижесінде, бала бүгінде елордалық дарынды балаларға арналған «Нұрорда» мектебінде оқып жатыр.

29 желтоқсан 2019 ж. 595 0