Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Алтын олжалаған таеквандошылар

Алтын олжалаған таеквандошылар

Жуырда Қарағанды қаласында таеквандодан балалар мен жасөспірімдер арасында Халықаралық турнир өтті.

Ауған соғысы кезінде қаза болған интернационалист жауынгерлерді еске алуға арналған турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар қатысты. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Жезқазған қалаларынан барлығы 200-ге жуық жасөспірім таеквандошылар бақ сынады.

Жарыс нәтижесінде бабы мен бағы келіскен сырдариялық таеквондошылар Шахризада Сәбит және Томирис Ернатқызы табысты өнер көрсетіп, екі алтын медальға қол жеткізді. Жарыс жеңімпаздары медаль мен дипломмен марапатталды. Жас спортшылардың жаттықтырушылары М.Алдабергенов пен Б.Баймырзаев.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
19 қараша 2019 ж. 673 0