Қазақстандағы сайлау: Бюллетенде Назарбаевтың тегі бола ма?
Қазақстандағы сайлау: Саясаттанушы Талғат Қалиев президенттікке үміткер ретінде Дариға Назарбаеваның шығу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Ол Елбасы қызының сайлауға қатысуы туралы ойын өзінің Telegram-каналында тізбектеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Nur Otan" партиясының ертеңгі съезі казақстандық электральды кампаниясы үшін аса маңызды болмақ. Себебі, көпшілік басты саяси партияның президент сайлауына үміткер ретінде кімді ұсынатынын білгісі келеді.
Дариға Назарбаеваның Сенат спикері болып тағайындалған сәтінен бастап, сарапшылар қазіргі президент пен мемлекеттегі екінші тұлғаның арасында бәсекелестік бар деп күмәндана бастады. Партия кімді ұсынбақ?
Заңнамаға сәйкес, партия немесе қоғамдық бірлестік сайлауға тек бір үміткерді ұсынуға қауқарлы.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дариға Назарбаева бір партия мүшесі болғандықтан, олардың біреуі ғана кандидат бола алады.
Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалын да ескерусіз қалдырмаған жөн. Себебі, үміткерге кепіл болу Елбасының мойнына артылып отыр.БАҚ беттерінде тарап кеткен Дариға Назарбаеваның сайлауға қатысуға құлықсыз екенін айтқан спикер көмекшісінің сөзі оның ұсынылу мүмкіндігін бәсеңдетуде. Саясаткер айналасындағы өкіл мұндай мәлімдемелерді ойланбастан айта салуы мүмкін емес.
Бұл тұрғыда, Дариға Назарбаеваның қатысуымен болған сценарий желісінде бұл жайт мұраға қалдыру принципі болып көрінетін еді. Ол өз кезегінде көптеген жылдар бойы ел қалаған басшы беделін сақтауға тырысқан Елбасы үшін аса орынсыз болмақ.
Барлық факторларды ескере, басты үміткер болып Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынылатынын болжауға болады.
Ол бір айдан астам уақыт ішінде халыққа өзін жақсы жағынан көрсете алды. Бұл аралықта екі мәрте шетелдік іс-сапаларға да шығып үлегрді.
Бұл әрекетімен Тоқаев кейбір көрші елдер алдында өзін жаңа қызметте таныта алды. Мұнын барлығын оның ел басқару жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарларының барын айқындай түспек.