Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНУ: ӘЛ-АУҚАТ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНУ: ӘЛ-АУҚАТ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ


Аудандық мәслихаттың кезекті 35 сессиясына аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, депутаттар мен бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Нұртазаев «аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жайы және оларды қолдау шаралары туралы» хабарлама жасады.
Бірінші бағыты. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. 2018 жылы 9 мамандық бойынша (кондитер, маманданған бала күтуші, педикюр-маникюр шебері, автокөлік слесарі, тігінші, ұялы телефон жөндеу шебері, әйелдер шаш үлгісін жасау шебері, электр монтеры, массажист) 79 адам оқуды аяқтап, оның ішінде 77 адам тұрақты жұмысқа орналасқан (97,5 пайыз), 16573,0 мың теңге қаржы игерілді. Кәсіби оқуға аудандық білім бөлімі арқылы 15 адам Сырдария аграрлық - техникалық колледжінде тракторист-машинист мамандығы бойынша оқып жатыр. Бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қол­дау қоры» АҚ арқылы 81 адамға 260300,0 мың теңге, «Сырдария-1»НС-гі арқылы 13 адамға 64175,0 мың теңге, «Өңірлік инвестициялық орталық» ЖШС-гі арқылы 79 адамға 182300,0 мың теңге барлығы 173 адамға 506775,0 мың теңге қаржы берілді.
Сонымен қатар, бағдарламаның «Бас­тау-бизнес» жобасына сәйкес 170 адам оқыту жоспарланса 2018 жылы 168 адам оқу курсын аяқтады (оның ішінде 50 адам несие алған).
«Жаңа бизнес идеяларға грант беру» тетігі бойынша 100 АЕК мөлшерінде (240500 теңге) республикалық бюджеттен бір адамға 60 адамға 14430,0 қаржы қаралып, толық игерілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты ха­лықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
Жастар практикасына 333 жас мамандықтары бойынша түрлі салаларға жолданып, 68 542,0 мың теңге қаржы қаржы игерілді. Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 31 адам, – деді Ғ.Нұртазаев.
Мемлекеттік бағдарламалардың қа­та­рында Қазақстан Республикасында мүге­дектерді әлеуметтік қорғауға үлкен маңыз берілген. Осыған орай 2018 жылы аудан бойынша 1180-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жандар тіркелген, олар жалпы халық санының 3,0 пайызын құрайды. Оның ішінде 1 топ мүгедектері - 94, 2 топтағылар - 405, 3 топтағылар - 439, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 242.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағ­дар­ламасына мүмкіндігі шектеулі жандар бағдарламада көрсетілген құралдармен, қызметтер қамтылып келеді. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеу­меттік қызметтері ұсынылады. Жеке кө­мекшінің қызметіне ақы төлеу 2018 жылдан бастап ұлғайтылды (3 сағаттан 4 сағатқа, қоғамға белсене араласатын мүгедектерге 6-8 сағат). Сонымен қатар мүгедек балаларға да санаторий-курорттық емделу қызметтері көр­сетілуде. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 321 отбасына (1834 адам) 64214,1 мың теңге төленді. Шартты ақшалай көмек тағайындалған отбасылардан 28 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 85 адам қоғамдық жұмысқа, 2 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 2 адам жастар практикасына, 1 адам қайта даярлау біліктілігін арттыруға жіберілді.
Соңғы үш жылда әлеуметтік көмекке 388091 мың теңге қаржы 3753 адамға жұмсалған, қаржы мөлшері 1,3 есеге артқан. Сондай-ақ аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан бала­лардың жоғарғы оқу орнындағы оқу ақысын төлеу барысы (облыс, аудан әкімдерінің гранттары) 2013 жылдан бері аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жоғары оқу орнындағы оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек - облыс әкімінің гранты тағайындалып келеді. Аудан бойынша 2013-2018 жылдар аралығында 57 балаға облыс әкімнің гранты тағайындалып, 40516,8 мың теңге әлеуметтік көмек төленген, оның ішінде 2018 жылы оқуға жаңадан қабылданған (21) және жалғастырып жатқан (15), барлығы 36 бала 17965,0 мың теңге төленген.
Аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалардың жоғарғы оқу орнындағы оқу ақысын төлеу барысына тоқталған бөлім басшысы – 2013 жылдан бері аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жоғары оқу орнындағы оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек - облыс әкімінің гранты тағайындалып келеді, – деді. Аудан бойынша 2013-2018 жылдар аралығында 57 балаға облыс әкімнің гранты тағайындалып, 40516,8 мың теңге әлеуметтік көмек төленген, оның ішінде 2018 жылы оқуға жаңадан қабылданған (21) және жалғастырып жатқан (15), барлығы 36 бала 17965,0 мың теңге төленген.
Әлеуметтік қамсыздану мәселесінде ауданда арзандатылған бағамен азық-түлік сататын арнайы коммуналдық дүкені ашылғаны белгілі. Нақтырақ айтсақ, кент орталығында 2015 жылы аудан әкімінің бастамасымен әлеу­меттік дүкен ашылды. Демеушілер - кәсіпкерлер. Дүкен көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға қызмет көрсетеді. Дүкенде бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдері 30-50 пайыз жеңілдікпен сатылады. Негізінен 5 түрлі азық-түлік өнімдері, олар – күріш, қант, ет, ұн, өсімдік майы жеңілдетілген бағамен сатылса, егін жинау науқанында кейбір демеушілер салтымыз бойынша кеусем ретінде өздерінің бау-бақша өнімдерін өткізеді.
Тұтынушылардың тізімін Тереңөзек кенті әкімі жанынан құрылған комиссия қалыптастырған. Комиссия ай сайын тізімді қарап, тұрмыстық жағдайын зерттеп, тізімді қажеттілігіне қарай жаңартып отырады. Бұл да өз кезегінде халықтың осал топтарын қорғаудың бір көрінісі.
Мұнан соң Ақжарма, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Н.Ілиясов, Шаған, Шіркейлі ауылдық округ, Тереңөзек кенті әкімінің «2019 – 2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» Сырдария аудандық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу туралы хабарлама тыңдалды.
Мәслихат сессиясына ұсынылған «Қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы» хабарламаны Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Ж.Ембергенов айтты. Жаңадан құрылып, өз жұмысын бас­тайтын аудандық қоғамдық кеңес өз жұмысын алдағы уақытта бастайтын болады.
«Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқ­таж азаматтардың жекелеген са­нат­тарының тізбесін айқындау Қағи­даларын бекіту туралы» Сырдария ау­дандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі №123 шешіміне толықтыру енгізу туралы түсініктемені аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Нұр­тазаев берді. Күн тәртібі бойынша сөз кезегін аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Омаров алып, «Аудандық жер комиссиясының құра­мын және ережесін бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 19 қарашадағы №246 шешіміне өзгеріс енгізу туралы айтты. Сессия соңында кезекті сессиясының төрағасы бекітіліп, тиісті шешімдер қабылданды.

Б.ЖАНӘЛІ
28 ақпан 2019 ж. 1 139 0