Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы: 15 жасыма дейін тойып тамақ ішкен күнім есімде жоқ

Елбасы: 15 жасыма дейін тойып тамақ ішкен күнім есімде жоқ

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің еңбек жолын қалай бастағанын айтып, жастарды еңбектенуге  шақырды.

Астанадағы VIII Азаматтық форумында елбасы қоғамдағы түрлі жайтты сөз етті. Елімізде жұмыс істемейтін жастарды сынады, деп жазды Sputnik.

“Кезінде еңбек жолымды училищеден бастағам. Кәсіптік-техникалық училищеде болат құюды үйретті. Болат құю ауыр жұмыс. Солай еңбек еттік. Соғыстан кейін кедейшілік заман болды. Бәрі жаппай жұмыс істеді. Мәселен, менің 15 жасыма дейін тойып тамақ ішкенім есімде жоқ. Бұл деніміз сау болу үшін де бір жағынан жақсы болған шығар”, – дейді елбасы.

Назарбаев осындай жұмыссыз кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінен оқып, маман болуға шақырды.

“Бізде әскерге де бармайтын, не оқу орнында оқымайтын топ бар. Соларға кәсіптік-техникалық білім алуға кеңес берем. Маман болып шыққан соң жұмыс табылады. Жұмыссыз жүрмеу керек. Әділетіздіктер әр кезде болады. Бұл өмірде бәрі әділетті деп сенбеу керек”, – дейді Назарбаев.


28 қараша 2018 ж. 710 0