ХАЛЫҚ ҮШІН ЕҢ ӨТКІР 3 МӘСЕЛЕ
Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеу орталығының директоры Юлия Кучинская қазақстандықтарды мазалайтын ең негізгі үш мәселені айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеу орталығы республика аумағы бойынша 1 600 респондент пен демократиялық күштер коалициясының сарапшылары арасында сауалнама жүргізген. Сауалнама нәтижесінде қазақстандықтарды мазайлайтын 3 мәселе анықталды.
Брифинг барысында Юлия Кучинская сауалнаманың 67 елдімекенде (қала мен ауыл аралас) жүргізілгенін айтты.
«Халық үшін ең өткір үш мәселені атап өтуге болады. Қазақстандықтарды мазалайтын мәселелердің үштігіне материалдық проблемалар, табыстың төмендігі және коммуналдық қызметтің жоғары тарифтері кіреді. Тұрғындардың 67,9%-ы азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың қымбаттауына алаңдаса, 30%-ының жалақы төмендігіне көңілі толмайды. Ал қазақстандықтардың 26,5%-ы коммуналдық қызмет тарифтерінің қымбаттығына шағымданды», - деді директоры.
Сонымен қатар, ол өткен жылы қазақстандықтардың жағдайы жақсы болғанын жеткізді.
«Орталық жүргізген зерттеуге сүйенсек, 2017 жылы Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы жалпы алғанда «жақсы» деген бағаға ие болды. Респонденттердің 86,2%-ының көңіл-күйі жақсы болса, 9%-ының біразында алаңдаушылық, ал 2,9%-ы қорқыныш пен үрей сезінген», - деді Юлия Кучинская.

Пікір 3