Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛДІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛДІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ


Тәуелсіз мемлекетіміз Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында әлемді мойындатып, бәсекеге қабілетті іргелі мемлекеттердің қатарына енді. Экономикалық дамуы тұрақты, әлеуметтік әлеуеті артқан еліміздің басты байлығы – халық.
Мемлекет басшысы әрдайым елді сақтау, егемендікті нығайту және Ұлттың болашағы үшін жұмылу керектігін, жаһандық сын-қатерден өтіп жатқанымызды айтты. Жаңа әлеуметтік саясат шеңберінде тиімді әлеуметтік мемлекет, тұрғындардың осал топтарын қолдау, еңбекпен қамту, жаңа тұрғын үй саясаты, денсаулық пен білім беруді үздік әлеуметтік стандарттарға жеткізудің жолдары айқындала түсті. Мемлекет алдындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін бұрынғыдан да берік тұтастықта, бірлікте жұмыс жасау қажет.
Елбасының бастамасымен қолға алынған сан салалы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына «Нұр Отан» партиясы да ықпал етуде.
Жастар уақытын бос өткізбей білім алуға, белгілі мамандықты игеруге ниет етсе және сол жолда аянбай еңбек етсе, алынбайтын қамал жоқ. Еңбектің бәрі жақсы, маңдай термен тапқан ырыздық-несібеге ештеңе жетпейді. Шын мәнінде біздің елімізде қалауын тапса, жанданып кетер істер жетерлік. Тек көзін таба білу қажет. Жаңа жұмыс орындарын ашу, зауыт-фабрикалар салу, жеке кәсіпкерлікпен, мал шаруащылығымен айналысуға жағдай жасау мемлекет алдындағы міндет. Рас, қиындық барлық жерде кездеседі. Алайда, біз үшін қиындыққа мойынұсыну емес, қарсы әрекет ету қажет. Сонда барып біз жарқын болашаққа қадам басамыз. Елдігін – мұрат еткен Қазақ елі Мемлекет басшысымен көрегенді, әрі келешегі кемел болары анық.

Е.ЖАҚЫП,
«Нұр Отан» партиясы аудандық
филиал төрағасының орынбасары
07 қазан 2018 ж. 1 001 0