Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің төрағасын лауазымынан босатты

Тоқаев Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің төрағасын лауазымынан босатты

«Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Бас прокуратураның ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Нұрдәулет Сүйіндіков еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қаласы прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі маманы қызметінен бастаған. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі, Шымкент қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

2005-2010 жылдары Бас прокуратураның Әлеуметтік-экономикалық саладағы қадағалау департаменті бөлімнің аға прокуроры, бөлім бастығы, басқарма бастығы, департамент басшысының орынбасары, Бас прокурордың ерекше тапсырмалар бойынша аға көмекшісі – Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің хатшысы лауазымдарында жұмыс істеген.

Сондай-ақ Астана қаласының "Сарыарқа" ауданының прокуратурасын басқарған, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.

2018 жылдан бастап коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

2022 жылғы 7 маусымнан 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін Бас прокуратураның Стратегиялық дамыту департаментінің бастығы, 2023 жылғы 13 қаңтардан 21 қазанға дейін Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы болған.

2023 жығы 21 қазанда Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті төрағасы болып тағайындалды.
30 желтоқсан 2025 ж. 82 0