Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Шиелі ауданында денсаулық сақтау саласы жаңғыртылуда

Шиелі ауданында денсаулық сақтау саласы жаңғыртылуда

Шиелі ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында бірқатар маңызды медициналық нысандардың құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков мәлімдеді.- Денсаулық сақтау - біздің аудан үшін ең маңызды бағыттардың бірі. Қазіргі таңда Шиелі кентінде 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімінің жаңа ғимараты бой көтеріп жатыр. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп, нысанды қыркүйек айында пайдалануға беруді көздеп отырмыз.

Сондай-ақ ауданаралық аурухана базасында қосымша корпус салынып, оған МРТ құрылғысын орнату жұмыстары жоспарланған. Бұл тұрғындар үшін жоғары технологиялы диагностикалық қызметтің қолжетімділігін айтарлықтай арттырады. Бұдан бөлек, «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Барлық жобалар аудан халқының денсаулығын жақсартуға және медициналық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған, - деді Айтбай Насриддинұлы.


Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі



29 шілде 2025 ж. 275 0