Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Басты мақсат – халық денсаулығын жақсарту

Басты мақсат – халық денсаулығын жақсарту

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 27 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.

– Жергілікті бюджет есебінен Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсектік ауылдық ауруханасы мен Арал ауданы Сексеуіл кентінде 40 төсек орынға арналған ауылдық аурухана құрылысы аяқталып, іске қосылды. Шиелі және Арал аудандарында 30 төсектік инфекциялық бөлімшелер құрылысы және Жаңақорған, Шиелі көп бейінді аурухананың қосымша құрылысы басталды, - деді Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов.

Айта кетейік, облыс орталығында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. «Қамқорлық» оңалту орталығы биылғы жылдың сәуір айында Арал ауданында ашылатын болады.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
19 ақпан 2025 ж. 425 0