Қарасора – 2025: есірткіге қарсы күрес қатаң бақылауда

– Іс-шара кезінде барлығы 38 есірткі құқық бұзушылықтары анықталса, оның ішінде 21 дерегі есірткі өсіру, 4 дерегі есірткі өткізу, 1 дерегі жарнамалау және 12 дерегі есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар. Заңсыз айналымнан 96 кг. 839 гр. есірткі, оның ішінде 1 кг. 310 гр. марихуана, 86 кг. 106 гр. сора өсімдігі, 8 кг. 618 гр. көкнәр өсімдігі, 805 гр. синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Есірткі өсірумен айналысқан 19 адам ұсталып, оның 5-і қамауға алынды. Мобильді бекеттерде қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен есірткіге қатысты теріс қылықтардың 5 дерегі анықталды,- деді Серік Әбімәуленұлы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі