Статистика туралы заңға өзгерістер енгізілді

Ондағы өзгерістер статистикалық деректерді жинау тетігін жетілдіруге бағытталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Нұрқабылова мәлімдеді.
- Мемлекеттік статистика туралы Заңының 12-1 және 12-2-баптары жаңа редакцияда қабылданды. Бұл заң жобасы қабылданғаннан кейін формаларды қысқарту процесі жеделдей түседі. Есептемелерді кәсіпкерлік субъектілері, бюджеттік ұйымдар тапсырады, сондай-ақ, сауалнамаға қарапайым азаматтар қатысатын болады. Бұл – жүктеме. Ал, өз уақытында тапсырмағаны анықталса немесе күмәнді деректер байқалса арнайы жауапкершілік қаралған. Аталған өзгерістер 2024 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енетін болады,- деді Гүлмира Жеткергенқызы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі