Қызметіне сәттілік тіледі
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғ.Амановтың бұйрығымен Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына Айбосынов Данияр Болатұлы тағайындалды.
Жаңа қызметке тағайындау рәсімін Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшының орынбасары Әділбек Бекішев пен аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев жүргізді. Сондай-ақ жиынға мекеме қызметкерлері де қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары ауданның экономикалық дамуы мемлекеттік кірістер саласымен тығыз байланысты екенін, сондықтан жаңа басшыға зор сенім артылатынын айтты. Өз кезегінде әріптестері жаңа басшыға қызметте абырой, толағай табыс тіледі.
Айта кетейік, Данияр Болатұлы 1985 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін қызметтік жолын Шымкент қаласы бойынша Салық комитетінің жетекші маман болып бастаған. Одан кейінгі уақыттарда Еңбекші ауданы бойынша Салық басқармасының бас маманы, Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында бас маман, бірнеше бөлімінде басшы қызметін атқарған. 2021 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.
«ТТ» ақпарат