Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Вице-миниcтр Серікәли Мұқатаев жұмыс сапарымен Сыр еліне арнайы келді

Вице-миниcтр Серікәли Мұқатаев жұмыс сапарымен Сыр еліне арнайы келді

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-миниcтрі Серікәли Мұқатаев жұмыс сапарымен Сыр еліне арнайы келді. Вице-министр аймақ тұрғындарымен кездесіп, министрлік тарапынан атқарылып жатқан шаралар туралы, оның ішінде Сыр бойында жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде кең көлемде атқарат ұсынды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Өңір тұрғындарымен кездесуде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Құрманбаев шараның маңыздылығын атап өтіп, вице-министрге сөз кезегін ұсынды. Серікәли Мұқатаев кездесу барысында алдымен аймақтың орман шаруашылығы, қоршаған оратаны қорғау, геология, су, сондай-ақ балық және жануарлар дүниесін қорғау салаларының даму бағыттарынан бастады.

Сонымен қатар, вице-министр облыс тұрғындарын алаңдатып отырған Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу мәселесі, өңірдің су, балық шаруашылығы саласын дамыту, аймақтың экологиялық жүйесін жақсарту, қалдықтарды басқару жүйесін дамыту, сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арал теңізінің құрғаған ұлтанында сексеуіл егу және орман қорын көбейту мен молайтуға байланысты мәселелерді тілге тиек етті. Кездесуге келген тұрғындар көкейде жүрген сауалдарын вице-министрге тікелей жолдады.

Жұмыс сапарының екінші және үшінші бөлігінде Серікәли Мұқатаев БАҚ өкілдеріне брифинг беріп, қоғамдық бірлестік өкілдері мен жергілікті тұрғындар арасында жеке қабылдау өткізді. Вице-министр қабылдауға келгендердің түйіткілді мәселелерін тыңдап, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
23 желтоқсан 2022 ж. 328 0