Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Депутаттар шаруалармен кездесті

Депутаттар шаруалармен кездесті

Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.Қожаниязов және Парламент мәжілісінің депутаты Б.Кесебаева Сырдария ауданындағы Әйтек су торабында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті.
Кездесуде ауданның ауыл шаруашылығы саласының өкілдері өңірде өзекті болып отырған су тапшылығы, суды үнемдеп қолдану және тиімді пайдалануға қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, тиісті ұсыныстарын жеткізді.
Алдағы уақытта аталған мәселеге байланысты жүйелі жұмыстар атқарылатын болады. Ең бастысы, шаруалардың маңызды сауалдарына қатысты вице-министр С.Қожаниязов және Парламент мәжілісінің депутаты Б.Кесебаева нақты жоспарлар құру керектігін айтып өтті.
Кездесу соңында аудан әкімі М.Ергешбаев шаруалардың ұсыныстарын ескере отырып, көтерілген мәселерді назарға алуды ұсынды.

"ТТ" ақпарат
20 наурыз 2022 ж. 761 0