Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұржан Бисембаев жаңа қызметке тағайындалды

Нұржан Бисембаев жаңа қызметке тағайындалды

Сырдария ауданы әкімі М. Ергешбаевтың 2022 жылғы 25 қарашадағы №291 санды өкімімен Бисембаев Нұржан Пермебайұлы Сырдария аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Нұржан Пермебайұлы 1976 жылы 4 тамызда Сырдария ауданы, О.Мәлібаев ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2011 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын, 1993 жылы О.Мәлібаев атындағы кеңшарда жұмысшы болып бастаған.

2002-2003 жылдары О.Мәлібаев атындағы ЖШС-нің бригадир көмекшісі;

2003-2005 жылдары О.Мәлібаев атындағы ЖШС-нің есеп және су маманы;

2005-2006 жылдары Сырдария аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің маманы;

2006-2008 жылдары Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімінің жетекші маманы;

2008-2009 жылдары Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімінің бас маманы;

2009-2018 жылдары Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімінің басшысы;

2018-2022 жылдары Тереңөзек кентінің әкімі;

2022 жылыдың наурыз-қыркүйек айларында Сырдария аудандық қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап, осы уақытқа дейін аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 17 жылдан астам.

Отбасылы.
26 қараша 2022 ж. 441 0