Бөлім басшысы тағайындалды
Сырдария ауданы әкімінің міндетін атқарушы Д. Байдушевтың 2022 жылғы 7 қыркүйектегі №229 санды өкімімен Нұржан Бисембаев Пермебайұлы Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Нұржан Пермебайұлы 1976 жылы 4 тамызда Сырдария ауданы, О.Мәлібаев ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2011 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын, 1993 жылы О.Мәлібаев атындағы кеңшарда жұмысшы болып бастаған.
Еңбек жолын, 1993 жылы О.Мәлібаев атындағы кеңшарда жұмысшы болып бастаған.
2002-2003 жылдары О.Мәлібаев атындағы ЖШС-нің бригадир көмекшісі;
2003-2005 жылдары О.Мәлібаев атындағы ЖШС-нің есеп және су маманы;
2005-2006 жылдары Сырдария аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің маманы;
2006-2008 жылдары Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімінің жетекші маманы;
2008-2009 жылдары Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімінің бас маманы;
2009-2018 жылдары Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімінің басшысы;
2018-2022 жылдары Тереңөзек кентінің әкімі;
2022 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Сырдария аудандық қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келді.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 17 жылдан астам.
Отбасылы.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі