Аудан әкімінің кеңесшісі қызметіне кірісті
Сырдария ауданы әкімінің өкімімен Сарменбаев Берик Абдугапарович Сырдария ауданы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Сарменбаев Берик Абдугапарович 1963 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1985 жылы Алматы архитектура құрылыс институтын «құрылыс инженері» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда қаласындағы «Қазақ-сауда трестінің шебері» болып бастаған.
1987-1993 жылдары ГПИ «Южгорсельпроект» бас инженері;
1993-1995 жылдары ҚР қаржы Министрлігінің Қызылорда облысы бойынша кеден басқармасы Қызылорда теміржол станциясының бекет аға инспекторы;
1995-2001 жылдары «Шак» құрылыс басқармасының учаске шебері;
2001-2003 жылдары Қызылорда қалалық құрылыс және сәулет бөлімінің жетекші маманы;
2003-2004 жылдары «Механикаландырылған жұмыс басқармасы» ЖАҚ-ң бас директорының орынбасары;
2004-2005 жылдары Сәулет–жобалау бюросының 1-ші категориялы инженері;
2005 жылдың сәуір-маусым айлары Қызылорда қалалық қала құрылысы бөлімінің бас маманы;
2005 жылдың шілде - 2006 жылдың қаңтар айлары Облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қызылорда қалалық жер ресурстарын басқару бөлімінің бас маманы;
2006-2007 жылдары Қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы;
2007-2008 жылдары «Казгражданстройпроект» ЖШС-ң бас инженері;
2008-2010 жылдары Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы;
2010 жылдың ақпан-тамыз айлары Қызылорда қала әкімінің орынбасары;
2010-2011 жылдары «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі;
2011 жылдың маусым-қыркүйек айлары Қармақшы ауданы әкімінің кеңесшісі;
2011-2013 жылдары Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары;
2013-2014 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары;
2014-2016 жылдары «Мұнай Газ инжениринг» ЖШС-ң техникалық директорының орынбасары;
2016-2017 жылдың маусым айы Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы;
2017 жылдың шілде-тамыз айлары Қызылжарма ауылдық округі әкімі;
2017 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың мамыр айлары Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы;
2018 жылдың мамыр айынан 2019 жылдың маусым айлары аралығында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары;
2019 жылдың маусым айынан осы уақытқа дейін «Мелиоратор» ЖШС-ң жоба басқарушысы қызметін атқарып келді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі