Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бектөре Сұлтан жаңа қызметке тағайындалды

Бектөре Сұлтан жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Абай облыстық полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Бектөре Жеңісбайұлы Сұлтан тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеке құрамға полиция департаментінің жаңа бастығын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденов таныстырды.

Бектөре Сұлтан 1974 жылы 2 наурызда Шымкент облысы Түлкібас ауданы Ванновка ауылында дүниеге келген.

1995 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін, 2003 жылы ҚР ІІМ Академиясын бітірген. Білімі заңгер, ішкі істер органдары басқару саласының магистрі.

Құқық қорғау органдарында 1991 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс істеп келеді. Қызметін Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ-да тергеушісі болып бастады.

Әр жылдары түрлі басшылық лауазымдарда, оның ішінде Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының ІІД бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Министрдің орынбасары Ержан Саденов жаңадан тағайындалған басшыға нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ жаңа өңірдегі қауіпсіздікті нығайту мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар міндет қойды.

21 шілде 2022 ж. 510 0