Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлнар Жұмашева: Ел сенімінен шығатын заң болады деп сенім артамыз

Гүлнар Жұмашева: Ел сенімінен шығатын заң болады деп сенім артамыз

Референдум өз уақытында қабылданды. Халық қуана қолдауда. Мемлекеттік тілге басты басымдылық беріліп, ұлттық қауіпсіздіктің қорғалуына назар аударылып, ел сенімінен шығатын Заң болады деп сенім артамыз. Мен Президент ұсынған референдумға өзгерістер енгізу туралы шешімін қолдаймын.

Естеріңізде болса, 1995 жылы қараша айында Қазақстанда «Республикалық референдум туралы» конституциялық заң қабылданған болатын. Содан бері елде конституциялық түзетулерге қатысты халықтық референдум ұйымдастырылған жоқ. Ал референдум демократияның маңызды институты болып табылатыны әу бастан-ақ белгілі. Себебі ондай шара кезінде, мемлекеттік маңызы бар мәселелерге қатысты тікелей бұқара халықтың пікірі міндетті түрде ескеріледі. Бұл дегеніміз, Президенттің Қазақстан халқына жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын Мемлекет» тұжырымдамасы аясының тынысын кеңейтпек. Яғни Халық пен билік ортасында тығыз қарым-қатынас қанатын кеңге жаяды деген сөз. Міне, осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдағы конституциялық өзгерістер бойынша референдум өткізуді ұсынды.Бұл уақыт күттірмес мәселе.

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН Заңдарына да өзгерістер жаңаша толықтырылуы керек.

Мен референдумды қолдаймын. Бәріңізді оған қатысуға шақырамын!







Гүлнар Жұмашева,
Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі
03 маусым 2022 ж. 310 0