Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Даму» қорының директорлар кеңесіне жаңа басшы тағайындалды

«Даму» қорының директорлар кеңесіне жаңа басшы тағайындалды

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Ерұлан Жамаубаев сайланды. Бұл шешімді директорлар кеңесі 2022 жылы 4 мамырда қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл қызметке ол Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың орнына келді.

Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы «стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша Халықаралық бизнес мектебін бітірген.

Сондай-ақ, халықаралық қаржы ұйымдарында және Батыс елдерінің орталық (ұлттық) банктерінде макроэкономикалық және қаржылық саясат, ақша-несие саясатының стратегиясы және оны Еуропалық орталық банкте жүзеге асыру ерекшеліктері, макроэкономикалық менеджмент, қаржылық нарықтық құралдар, қаржылық тұрақтылық бағыттары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан (тәжірибеден) өтті. Еңбек жолын 1996 жылы стажер-оқытушы, кейін Қазақ мемлекеттік басқару академиясында оқытушы болып бастады.

1998 жылдан - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жетекші сарапшы, бас сарапшы, бас сарапшы маман, бөлім бастығы, Ғылыми-зерттеу және статистика департаменті директорының орынбасары, 2006 жылдан - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Үйлестіру департаментінің директоры. 2014 жылдан - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарушы директоры, 2015 жылдың шілдесінен - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 11.2015 жылдан бастап - Әлеуметтік-тұрмыстық сектор бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Экономикалық мониторингі, 11.2018 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, 03.2019 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы, 05.2020 жылдан – Қаржы министрі. 01.2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы, 29.03.2022 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі қызметіне қайта тағайындалған.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына жеті адам кіреді. Олар: Ерұлан Жамаубаев, Райымбек Баталов, Елена Бахмутова, Әділ Мұхамеджанов, Әсем Нұрғалиева, Тимур Жақсылықов және Гаухар Бурибаева.
10 мамыр 2022 ж. 458 0