Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің міндетін атқарушысының өкімімен Қазбекова Мира Жомартқызы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Мира Қазбекова 1984 жылы туған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі», Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы Қызылорда облыстық баспасөз клубының маманы ретінде бастаған.
2005-2008 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы-баспасөз хатшысы, Қызылорда облыстық ішкі саясат департаментінің бас маманы жауапты қызметтерін атқарған.
2008-2017 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің бас инспекторы-баспасөз хатшысы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы, Қызылорда облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары.
2017-2019 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы басшылық лауазымын атқарған.
2019 жылдан осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.
27 мамыр 2020 ж. 946 0