Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Асхат Оралов Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы болып тағайындалды

Асхат Оралов Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы болып тағайындалды

«Nur Otan» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен партияның атқарушы хатшысы болып Асхат Раздықұлы Оралов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асхат Раздықұлы 1990 жылы 10 ақпанда дүниеге келген. Павлодар облысының Ақсу қаласында туған.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ны «Аударма ісі» және «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген, магистрлік және PhD докторлық дәрежесі бар.

Еңбек жолы: 2010-2014 жж. – Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының хатшылығында басшылық қызметтер атқарған.

2011-2012 жж. – Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-ның әлеуметтік-тәрбие жөніндегі департаментінде бас маман.
2013-2014 жж. – Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ұйымдастырушылық жұмыс жөніндегі бөлімінде бас маман.

2014-2016 жж. – Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2018-2019 жж. – Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаменті директоры.
2019 жылдың 12 сәуірінен – Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары;
Павлодар облысы әкімінің орынбасары (2019-2020);

2020-2021 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі;
2021 жылғы шілде айынан Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
03 ақпан 2022 ж. 379 0