Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан әкімінің бұйрығымен Бақтияр Мәкен елорда әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz сайты Нұр-Султан әкімдігіне сілтеме жасап.
Ол әлеуметтік қорғау, отандық, жастар саясаты мен ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт мәселелерін қадағалайды.
Макен Бақтияр 38 жаста. Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық аграрлық университетін, сарапшы-аудитор мамандығы бойынша бітірді. Монтана-Миссула университетін (АҚШ) "Болашақ" бағдарламасымен "Мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірді.
2000-2009 жылдары жастар ұйымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2009-2010 жылдары Алматы қаласы Жастар саясаты департаментінің жоғары оқу орындары мен жастар ұйымдары бөлімінің меңгерушісі.
2010-2012 жылдары Алматы қаласының Жастар саясаты департаментінің басшысы.
2012-2013 жылдары Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы.
2013-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2016 жылғы 24 наурыздан бастап "Нұр Отан" партиясының партиялық тізімінде сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің алтншы шақырылымының депутаты.
Бұрын бұл лауазымды Ерлан Қаналимов атқарды. Қазір Каналимов Нұр-Сұлтан қаласындағы "Нұр-Отан" партиясының филиалының бірінші орынбасары болып тағайындалды.