Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Басқарма басшысының орынбасары тағайындалды

Басқарма басшысының орынбасары тағайындалды

Қызылорда облыстық білім басқармасының 2022 жылғы 26 қаңтарындағы №3 жеке құрам бұйрығының негізінде басқарма басшысының орынбасары болып Ізімбетов Әзизбек Жәнібекұлы тағайындалды.

Әзизбек Жәнібекұлы 1981 жылы 19 тамызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2001-2005 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Тарих, құқық және экономика негіздері пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын 2007 жылы «Қызмет» колледжінде мұғалімі ретінде бастаған. 2007-2008 жылдары аталған білім беру ұйымында оқу бөлімінің меңгерушісі, 2009-2014 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат бөлімдерінде қызмет атқарған. 2014-2016 жылдары аралығында облыстық ішкі саясат бөлімінде бас маман, бөлім басшысы қызметінде болды.

2016 жылғы сәуірден Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінде бас инспектор қызметін осы кезге дейін абыроймен атқарып келген.
27 қаңтар 2022 ж. 1 397 0