Бесарық ауылының әкімі тағайындалды
Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 7 ақпандағы шешімі негізінде Сырдария ауданы әкімінің 2020 жылғы 7 ақпандағы №-39-Ө өкімімен Сәрсенбаев Дәулет Абайұлы арнайы тексеру нәтижелері келген күнге дейін Сырдария ауданы Бесарық ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқару үшін қабылданды.
Бұл туралы аудан әкімі Р.Рүстемов аппарат мәжілісінде айтып, лауазым иесін кент және ауылдық округі әкімдеріне, дердес бөлім басшылары таныстырды.
Сәрсенбаев Дәулет 1978 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы «Абзал и К» толық серіктестігінде жұмысшы болып бастаған. 2000-2011 жылдары «Абзал и К» толық серіктестігінде күріш өндіру цехының бригадирі, қойма меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 2011-2016 жылдары «Дәулет» ЖШС-ң директоры, 2016-2017 жылдары «Абай Даулет» ЖШС-ң директоры болып еңбек еткен. 2017 жылдан осы уақытқа дейін «Бесарық» Шаруа қожалығының және «Бесарық» ЖШС директоры қызметін атқарып келген.
«Жаңадан тағайындалған мемлекеттік әкімшілік лауазым иелері өздерінің кәсіби дайындығын, тәжірибесін және білімін пайдалана отырып, жауапкершілігі жоғары міндеттерді мінсіз атқарады деп сенім білдіреміз», деді аудан басшысы.